ҚР Ұлттық банкі: Жеті коллекциялық монета сатылымға шықты

Топтама «Көшпенділердің ғибадат жануарлары-тотемдері» сериясына жатады. BUǴY, AQQÝ, BÚRKIT, ÓMIR SHEJIRESI, KIIZ ÚI, JETI QAZYNA, Барыс жылы сияқты монеталар саудаланбақ. Монеталардың номиналы 500-ден 5 мың теңгеге дейін, ал, таралымы 250-ден мың данаға дейін жетеді.

Алмат Басенов, Қазақстан Ұлттық банкінің бас дизайнері:

- Сатудың жаңа форматы болады, егер қарапайым стандартты монеталар – сапасы төмендеу металдардан жасалған унциялар «Қазпошта» жүйесі арқылы жеткізіліп, сатылса, мұнда коллекционер не өзі жеке келіп алып кетуі керек, не болмаса кезекке тұруы шарт. Біз сатылымды екі бөлікке бөлдік. Ертең күмістен жасалған салмағы 1 келі «KIIZ ÚI» монетасы  сатылымға шығады. «ÓMIR SHEJIRESI» - бұл өте ерекше 25 унция монета және Жолбарыс жылы монетасы алтыннан құйылған. Бұл да 25 унция. Бүркіт номиналының граммы - 777,5. Қарап отырсаңыз, бір бөлігі ғана тотемдік, ал екіншісі натуралистік формада жасалған. Мұнда диаметрі 2 мм гауһар орнатылған, сондай-ақ алтын жалатылған. Бет жағында мынадай ою-өрнек, мемлекеттік елтаңба бейнелеген. Оның номиналы 5 мың теңге. 

Айта кету керек, қазір Ұлттық банк коллекциялық монеталардың 30 түрлі сериясын шығаруда. Соның ішінде дәл осы «Көшпенділердің ғибадат жануарлары-тотемдері» сериясы сұранысқа ие монеталар қатарында.