ҚР Ұлттық банкі Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай коллекциялық монеталар шығарды

ҚР Ұлттық банкі Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай коллекциялық монеталар шығарды

Қазақстанның Ұлттық банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясының жаңа коллекциялық монеталарын айналымға шығарды. Олар қазақтың біртуар геолог-ғалымы Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына арналады.

 

Алмат Бәсенов, ҚР Ұлттық банкінің бас дизайнеры:

 

– Монета екі номинал бойынша шығарылады. Оның біреуі – 200 теңгеліктер, ол мельхиор балқымасынан жасалған. Ал, 2000 теңгелігі биколор тәсілімен жасалды. 2000 теңгелік монетада күлгін түсті танталдан жасалған сақина бейнеленген. Ол Жезді елді-мекеніндегі Қаныш Сәтпаев тауып, барлаған марганец кеніне арналып жасалды. Монетаның салмағы – 74 грамм, диаметры – 50 мм, сапасы – proof. Сондай-ақ, 2000 теңгелік монета 300 данамен ғана шығарылды. Мельхиордан жасалған монетаға келер болсақ, массасы – 15 грамм, диаметры – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated. Ол болса - 5000 дана болып шығарылды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?