ЕАЭО-да органикалық өнімдердің ортақ нарығы құрылады

ЕАЭО-да органикалық өнімдердің ортақ нарығы құрылады

Еуразиялық экономикалық одақ органикалық өнімдердің ортақ нарығын құрады. Қазіргі таңда әлемде ауыл шаруашылығы тауарларын стандарттау саны көбейген. Осыған байланысты сертификаттау мәселесі туындап отыр. Бұл міндетті шешу үшін халықаралық ұйым төңірегінде нормативтік база қалыптастырылады. Осыдан 3 жыл бұрын одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшылары аталған мәселеге қатысты «Жол картасын» бекітті. Құжат Одақ ішіндегі органикалық өнімдерді тану және еркін сауда мәселелерін шешуге бағытталған. Оны іске асыру шеңберінде өзара органикалық өнімді тану туралы Келісімнің жобасы әзірленді. Келісім қабылданғаннан кейін, өндірушілер өз өнімдерінің белгіленген стандарттарға сәйкестігін растайтын сертификаттар ала алады. Бұл 185 миллион халқы бар Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында органикалық өнімдердің еркін саудасын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, одақ елдерінің нарықтарына қолжетімділікті жеңілдетеді. Өз кезегінде бұл экспорттық әлеуетті арттыруға және Қазақстанның халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.