Конституциялық комиссияның 8-отырысы өтті

Конституциялық комиссияның 8-отырысы өтті

Конституциялық комиссияның 8-отырысы өтті. Комиссия төрағасы Эльвира Әзімова қазіргі уақытта хатшылыққа е-өтініш платформасы арқылы азаматтардан жаңа Ата заңға қатысты 4 мыңнан астам ұсыныс келіп түскенін айтты. Оның сөзінше, оң пікірлермен қатар Конституция жобасының жекелеген баптарын пысықтау бойынша нақты және мазмұнды ұсыныстар да келіп жатыр. Бүгінгі отырыста елдің Бас прокурорының бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев 18-бапты нақтылай түсуді ұсынды.

Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Осы баптың 2-тармағында «Сот шешімінсіз адамды заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды» деп көрсетілген. Дегенмен, орыс тіліндегі аудармасында «мерзімнен артық ұстау» деген шешуші ұғым көрсетілмей қалған. Қылмысты тоқтату, күдіктіні дереу оқшаулау — құқық қорғау қызметінің ең негізгі міндеттерінің бірі. Тек осыдан кейін ғана сот оны күзетпен ұстау туралы шешімді қабылдайды. Бұл дүниежүзілік практика.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?