ҚР СІМ Қазақстанның алдағы халықаралық күн тәртібінде кездесулері туралы айтты

ҚР СІМ Қазақстанның алдағы халықаралық күн тәртібінде кездесулері туралы айтты

Қазақстанда қыркүйек айы бірнеше халықаралық шараларға толы болмақ. Еліміздің Сыртқы істер министрілігің делегациясы Нью-Йоркте БҰҰ өткізетін іс-шараларға қатысады. Дипломаттар Америка, Еуропа, Азия және Таяу Шығыс мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен, Ислам ынтымақтастығы ұйымы мен Өркениеттер альянсының Бас хатшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді. Сонымен қатар тиісті ведомство ресми өкілі 78-ші сессиясының жоғары деңгейдегі сегментіне қатысады. Сондай-ақ Түркі мемлекеттері мен Шанхай ынтымақтастық ұйымдарына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңестерінің отырыстары аясында өзекті халықаралық және өңірлік проблемалар талқыланады деп күтілуде.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:
-2023 жылғы 21 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының аясында Қазақстан Республикасының төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің Сыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысы өтеді. Іс-шараға кеңеске мүше мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысып, 6-шы Саммиттің шешімдерін іске асыру мәселелері мен Азия Кеңесінің күн тәртібіндегі өзекті сұрақтарды талқылайды. Кездесу қорытындысы бойынша Азия кеңесін трансформациялау туралы Жол картасы және Сыртқы істер министрлері кеңесінің тұрақты даму мақсатында волонтерлікті ілгерілету туралы мәлімдемесінің қабылдануы жоспарлануда.

Сондай-ақ, 14-15 қыркүйекте еліміздің делегациясы ҚХР-на жұмыс сапарымен барады. Онда «Қытай-Еуропа» жүк пойыздарының 1-ші ынтымақтастық форумы өтеді. Сондай-ақ, апта соңында парламент депутаттары Вьетнамға барады. Онда осы елдің Ұлттық жиналысының депутаттарымен екіжақты кездесулер жоспарланған.