Инвестициялық жобалардың бірыңғай пулына барлығы 24,4 триллион теңгені құрайтын 765 жоба кірді

Инвестициялық жобалардың бірыңғай пулына барлығы 24,4 триллион теңгені құрайтын 765 жоба кірді

2022 жылдың бес айында негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 4 триллион теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ке көп, деп хабарлайды еліміздің Ұлттық экономика министрлігі. Әсіресе, инвестициялық өсім білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылыми-техникалық қызмет сияқты салаларда айтарлықтай байқалады. Ең жақсы көрсеткіштер Шымкент, Алматы және Ақмола облысында. Сонымен қатар, инвестициялық белсенділікті арттыру және бизнесті тарту шеңберінде іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың Бірыңғай пулы құрылды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, ол шамамен 25 триллион теңгені құрайтын 765  ұсыныстан тұрады. Оның ішінде осы жылы жалпы құны 3 триллион теңгеден асатын 300-ден астам жобаны іске қосу жоспарлануда. Оның ішінде 40 жоба шетелдік компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылмақ.