Қазақстан халқының 15% 3 жыл ішінде инвестор бола алады. Мамандардың мәліметінше, бүгінде әлемдік биржалардағы мұндай үрдістерге 170 мыңға жуық қазақстандық қатысады. Бұл шамамен ел халқының 1% құрайды. Ресей елімен салыстырсақ, ондағы тұрғындардың төрттен бірі брокерлік компаниялардың клиенттері болып табылады. Ал Америкада бұл көрсеткіш 60-тан 80% дейін жетеді. Қор нарығына инвестиция құю әлемдік трендке айналып барады. «Онда жылдық үстемеақысы 20% дейін табыс көруге болады», – дейді сарапшылар.
Айта кетерлік жайт, елорда нарқына жаңа халықаралық инвестициялық-қаржы компаниясы кірді. Оның өкілдері жергілікті адамдар сатылымда өз күштерін сынап көру үшін үлкен мүмкіндіктер бар екенін айтады.
Андрей Шульга, Халықаралық қаржы ұйымының төрағасы:
- Біз мұнда көріп отырған барлық қозғалыс, яғни халық табысының өсуі, Қазақстанның ірі банктеріндегі салымдар көлемінің едәуір ұлғаюы және ашық брокерлік шоттардың артқаны инвестицияларға және өз тәуекелдерін әртараптандыруға қызығушылықтың бар екенін көрсетеді. Халықтың түрлі құралдарға қаржы құюға әзірлігін байқауға болады. Біз осы бағытта дамуға және Қазақстан азаматтарына қаржылық салымдар бойынша көмектесуге дайынбыз.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов