Қазақстанда жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласында 50-ден астам инвестициялық жоба іске асты. Олардың құны 30 млрд теңгеден асады. Кәсіпорынның ең көп саны Түркістан облысына тиесілі. Мұнда сүт пен көкөніс өңдеу өндірісі, құс фабрикасы, қойма мен жылыжай кешендері іске қосылды. Абай облысының да жетістіктері жетіп артарлық. Аймақта мал шаруашылығы өнімдерінің гендік қорын жақсарту жобасы, тазартылмаған күнбағыс майы мен күнжара өндірісі жобасы жүзеге асырылуда. Биыл ауыл шаруашылығы саласында 1,5 млрд теңгенің 300 астам жобасын іске қосу жоспарланған.
Талғат Бакенов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестициялық саясат басқармасының басшысы:
– Ақмола облысының кәсіпкерлері сүт-тауар фермаларын кеңейту, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобаларында мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланды. Атап айтқанда, құс етінен жасалған құрама жем, ұн, мұздатылған жартылай фабрикаттар өндірісі құрылды. Кәсіпорындардың жалпы қуаты жылына 4100 тоннаны құрайды. Жамбыл облысында қуаттылығы 30 млн жұмыртқа болатын инкубатор пайдалануға берілді, үш шаруашылық инфрақұрылымы бар жаңбырлату техникасын орнатты. Ақтөбе облысында 100 бас мал басына арналған репродуктор іске қосылды, ал «Ауыл аманаты» жобасы аясында жылына 4 тонна көкөніс шығаратын жылыжай салынды.