ҚР Премьер-Министрі: Қайтарылған активтер әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады

ҚР Премьер-Министрі: Қайтарылған активтер әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады

Қазақстан сыртқа заңсыз шығарылған 1 трлн теңгеге жуық активтер қайтарды. Оның ішінде АҚШ валютасында шамамен 600 млрд-ы шетелден  алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар туралы ел Премьер-Министрі Сенат отырысынан кейін өткен брифингте айтты. Үкімет басшысы активтерді қайтару жұмыстары қабылданған заңға сәйкес қатаң түрде іске асырылатынын жеткізді. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының саяси және экономикалық реформаларының қисынды жалғасы екенін атап өтті. Ендігі міндет – активтерді республика экономикасына жұмыс істеуге бағдарлау.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
-Қайтарылған қаражат әлеуметтік саладағы маңызды жобаларды, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін инфрақұрылымдық және өндірістік жобаларды іске асыруға бағытталады. Екі жолы бар – ерікті және мәжбүрлі түрде, олар сот шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар Заңның күші жүретін адамдар тобы анықталған. Атап айтақнада бұл – әкімшілік ресурстарды пайдаланып, активтерді заңсыз иемденген адамдар. Адал бизнес туралы айтар болсақ, оған алаңдауға негіз жоқ.