Ә.Смайылов: Қазақстан ЕАЭО елдерімен экономикалық интеграцияны дамытуға мүдделі

Ә.Смайылов: Қазақстан ЕАЭО елдерімен экономикалық интеграцияны дамытуға мүдделі

Қазақстан ЕАЭО елдерімен өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп кешенін нығайтуға мүдделі. Бұл ретте, өзара тиімді бірқатар кооперациялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Сонымен қатар одақпен бірлескен көлік-логистикалық әлеуетті күшейту және ортақ қаржы нарығын құруға басымдық беріліп келеді. Бұл жөнінде Арменияның Цахкадзор қаласында өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді. Сондай-ақ жиынға Беларусь, Қырғызстан және Ресейдің Үкімет басшылары қатысты. Бас қосуда тараптар бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі интеграциялық үрдістерді одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Одақ елдерінің халықтары мен бизнес-қауымдастықтары оның кәдесін сезініп, нақты пайдасын көруі тиіс, - деді Әлихан Смайылов. Қазақстан одақтың дамуы фэкономикалық прагматизмге негізделуі керек деп санайды. Бұл ретте, еліміз  өз Декларация жобасын әзірлеген. Құжатта бірлестіктің одан әрі даму жолдары көрсетілген. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

-Қазақстан Республикасы экономикалық интеграцияның одан әрі дамуына мүдделі. Біздің халықтарымыз бен бизнес қауымдастығы бұндай интеграцияның нақты пайдасын сезінуге тиіс. Осы себепті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы мамыр айында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ЕАЭО құқығына кешенді талдау жүргізу қажеттігі туралы айтқан еді. Ол Одақ жетістіктерінің негізгі қорытындыларын сондай-ақ одан әрі интеграциялық даму бойынша нақты ұсынымдарды көрсететін болады. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылған сәттен бастап Еуразиялық экономикалық комиссияда жұмыс істеуге, біздің елге пайда әкелуге тең мүмкіндіктер беру қажет еуразиялық кәсіпқойлар пулы қалыптасты.