Макроэкономикалық саясаттың тепе-теңдігін жақсарту үшін ақша-несие және фискалды саясат арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету. Оның тың тәсілдері Қазақстан Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында қаралды. Бүгінде елде нарықтық механизмдерге сүйеніп, мемлекеттік қаржы тұрақтылығын және экономиканың өсу сапасын арттыруға баса назар аударылуда. Бұл ретте жиында бюджеттік ережелер мен нысаналы бағдарлар жүйесінің сақталуын институционалды түрде нығайту, экономиканы қаржыландырудағы жеке сектордың рөлін арттыру, қаржы нарығында жүйелік тәуекелдерді төмендету бойынша ұсыныстар тыңдалды.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

