Қытай компаниясы Қазақстанда геологиялық барлау жобаларын жүзеге асыруға мүдделі

Қытай компаниясы Қазақстанда геологиялық барлау жобаларын жүзеге асыруға мүдделі

Қазақстан Премьер-министрі мен қытайлық Zijin Mining Group компаниясының басшысы тау-кен металлургия кешеніндегі инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады. Ел экономикасын әртараптандыруға, сондай-ақ геологиялық барлау және жаңа кен орындарын игеру саласындағы жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды. Бұл бағытта Ақмола өңіріндегі жоба бойынша бірлескен шаралар қаралды. Олжас Бектенов Үкімет қосылған құны жоғары жобаларды жүзеге асыруға жәрдем көрсететуге дайын екенін жеткізді. Өз кезегінде Чэнь Цзиньхэ еліміздегі инвестициялар үшін жасалған жағдайларға оң баға берді. Қазақстан – алтын өндіру бойынша 6-шы және қорлар бойынша 13-ші орында. ЖІӨ-дегі саланың үлесі 8% құрайды, Былтыр секторға 3 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?