Қазақстанға келетін туристер саны артты. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың 9 айында елімізге 3,5 миллионға жуық шетелдік келген. Саяхатшылардың басым бөлігі – Ресей, Түркия, Қытай, АҚШ және Германия азаматтары. Жиһанкездер таңдауы негізінен Алматы, Астана қалаларын, Ақмола облысы мен Шымкент және Жетісу өңіріне түскен.
Атап айтсақ, 1,5 млн адам Алматы тау кластеріне, 224 мыңға жуығы – Щучье-Бурабай курорттық аймағына, 210 мыңнан астамы – Маңғыстау курорттық аймағына, 338 мыңнан астам адам Алакөлге, 94 мыңға жуық турист –Түркістанның курорттық аймағына баруды жөн көрген.