Қазақстандық ауаны тазартудың инновациялық технологиясын жасады

Қазақстандық ауаны тазартудың инновациялық технологиясын жасады

Алматылық ауаны тазартудың инновациялық технологиясын ойлап тапты. Қазіргі таңда құрылғыға шетелдік ғалымдар қызығушылық танытуда. Қазақстандық әзірлеуші Алтай Айнабектің айтуынша, Алматы аспанында таудан түсетін фён деп аталатын жылы ауа, инверсиялық қабат бар. Ол көрінбейтін температуралық қақпақ іспеттес. Осылайша инверсиялық қабаттан қаладан жоғары көтерілетін ауа өте алмай тұман болады. Құрылғы оны ыдыратып, теріс ағымды ион шығарып, жабық кеңістікте жел пайда болады. Өнертапқыш мегаполисте сынақ ретінде осындай бес станцияны іске қосты. Технологияның тиімділігін дәлелдеу үшін кем дегенде үш жыл зерттеу қажет.

 

Алтай Айнабек, Өнертапқыш:


- Бір сағаттың ішінде қондырғы қосылған жерде ауа сапасы үш есе жақсарды Рұқсат етілген шекті шоғырлануы төмен белгіні көрсетті.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?