Қостанайда KIA көліктерін құрастыратын зауыттың құрылысы басталды. Оның өндірістік қуаты
жылына 70 мың көлік шамасында болады деп күтілуде. Автомобильді бастан-аяқ дайындап
шығатын кәсіпорынға оңтүстік кореялық компания 250 млн доллардан астам
инвестиция салмақ. Зауыттың құрылыс жұмыстары келесі жылдың соңына қарай
аяқталмақ. 2025 жылдан бастап бұл өндіріс орны көлік шығара бастайды.
Мемлекет әрі бүкіл аймақ үшін аса маңызды әрі ауқымды кәсіпорынның салынуы екі
елдің тығыз қарым-қатынасының арқасында пайда болды. Оның үстіне осы құрылыс Премьер-Министрдің
бірінші орынбасарының сөзінше, Оңтүстік Кореямен болашақ ірі инвестициялық
жобалардың тек бастамасы. Роман Скляр мен Қостанай облысының әкімі Құмар
Ақсақалов зауыт құрылысының ресми басталу салтанатты шарасына қатысты.
Роман Скляр, ҚР Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары:
- Жыл басында,
яғни қаңтар айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай қаласындағы «KIA Sportage» көліктерін құрастыратын кіші түйінді өндіріс орнындағы жұмыстың
басталу рәсіміне қатысқан еді. Ол жерде мемлекет басшысы бұл өндірістік
әріптестіктің аясын кеңейте берудің маңыздылығы жайлы айтқан еді. Бұл, расымен
тарихи сәт. Себебі, KIA Corporation тұңғыш рет бірлескен кәсіпорынға инвестиция
құйып, Корея республикасының сыртында зауыт ашуда. Бұл мемлекет ретінде
Қазақстан таңдалды.
Ким Дэки, KШФ Qazaqstan зауытының бас директоры:
- Қостанай
облысының әкімдігі біздің жобаның дамуы үшін барлық қажетті жағдайды жасауда.
Оның үстіне, Қостанайда, жоғары сапалы автомобиль құрастыруға керекті жабдықтар
тасымалдауға барлық мүмкіндік бар әрі өндірістік қуаты жоғары. Сондықтан KIA
компаниясы тарихта тұңғыш рет ел үкіметімен бірлескен кәсіпорын салу туралы
шешім қабылдады. Біз осы қаланы Қазақстан ішіндегі автомобиль өндіру саласы
бойынша көшбасшыға айналдырғымыз келеді.