Қостанай өңіріндегі Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Подоляков ғасырлық
мерейтойын атап өтеді. Майдангер тұратын үйдің жанында оркестрдің
сүйемелдеуімен құттықтау шарасы ұйымдастырылды. Жастар да шет қалмай, маңайды
тазартты. Егде жасына қарамастан қарт майдангер аулаға шығып, бөлінген көңіл
үшін ризашылығын білдірді. Михаил Подоляков – батылдық пен Отанға деген
сүйіспеншіліктің нағыз үлгісі. Ол майдан даласына 1942 жылы небәрі 17 жасында
аттанды. Кеудесіндегі ордень мен медальдар - талай ерліктің куәсі. Соғыстан
оралғаннан кейін ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп, қоғамдық жұмыстармен
айналысты.
Михаил Подоляков, Ардагер:
- Қал-жағдайымды білуге келгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Бірталай
жасқа келдім. Отан қорғадым. Құрмет көрсетіп жатқан баршаңызға, жастарға
рахмет!

