Әлемнің рухани мұрасы: әлемдік діндер көшбасшыларының съезіне орай екі көрме ашылды

Әлемнің рухани мұрасы: әлемдік діндер көшбасшыларының съезіне орай екі көрме ашылды

Әлемнің рухани мұрасы. Астана қаласында бір уақытта екі бірегей көрме ашылды. Олар қыркүйек айында Қазақстан астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне орайластырылған. Мысалы, экспозициялардың бірінде елімізде алғаш рет Sindone di Torino- Турин кебінінің нақты көшірмесі ұсынылды. Келушілер киелі христиандық жәдігерді көріп қана қоймай, мұрағаттық бейнематериалдар, тарихи жарияланымдар мен зерттеулер туралы да мағұлмат алады. Екінші «Қасиетті кітаптар» халықаралық көрмесінде түрлі конфессияларға және тарихтың түрлі кезеңдеріне жататын сирек кездесетін 50 дана кітап ұсынылған. Олардың арасында - Құран, Евангелие, Тора, Ескі Завет, будда кітапшалары жинақталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспозициялар конфессияаралық диалогты нығайтуға және рухани мұраны дәріптеуге бағытталған. Көрмелер 25 қыркүйекке дейін келушілер үшін ашық болады.


Дмитрий Байдек, Иеромонах, Астана қаласы Успен кафедралдық соборының шырақшысы:


- Осы екі көрмені съезд аясында ұйымдастырдық, олар Қазақстанның конфессияаралық саясатын айқын көрсетуге бағытталған.


Георг Панамтхундила, қазақстандағы апостолдық нунций:

- Қазақстан мәдениетаралық және дінаралық өзара қатынасты дамытуда басты алаңға айналып келеді. Көрмеде Турин кебінінің көшірмесі ұсынылған. Бұл жәдігер тек христиандарға ғана қатысты емес, ол әрбір жабыққан жанға қатысты. Бұл ғибадатхана - дінаралық үнқатысудың нүктесі, өйткені бір адамның басына түскен қиындық - дініне қарамастан, екіншісіне де әсер етпей қоймайды. Сондықтан, зардап шегушілерге қамқорлық көрсету үшін бірігуіміз керек.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?