Қоршаған ортаға қамқорлықпен. Қазақстанда табиғат қорғау саласына бағытталған инвестиция көлемі артты. Жыл басынан бері оның көлемі 108 млрд теңгеге жуықтаған. Бұл өткен жылғыдан 16,5% көп. «Finprom.kz» порталының хабарлауынша, бұл көрсеткіш осымен 5 жыл қатарынан өсіп келеді. Капитал салымдарының жартысынан астамы Жамбыл және Ақтөбе облыстарына тиесілі. Сондай-ақ елордасы Нұр-Сұлтан қаласында және Атырау өңірінде де қоршаған ортаны қорғауға елеулі көлемде инвестиция бағытталған. Табиғат сақтау шараларына ең аз қаржы Алматы және Түркістан облысында инвестицияланған.
Авторы: Гүлбану Тәжібек