ШҚО мен ҚХР шекара маңы туризмін дамытуға ниетті

ШҚО мен ҚХР шекара маңы туризмін дамытуға ниетті

Шығыс Қазақстанда Қытайдан келетін саяхатшылар саны арта түседі. Бұған шекара маңындағы туризмді дамыту ықпал етпек. Бүгінгі таңда аспан асты елінің Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының өкілдерімен ынтымақтастық жүргізілуде. Осы мақсатта аталған елдің ірі туристік компанияларының өкілдеріне өңіріміздің ең танымал көрікті жерлерін таныстыру үшін ақпараттық тур ұйымдастырылды. Делегация Қатон-Қарағай, Глубокое, Марқакөл және Зайсан аудандарында болды. Турагенттіктердің мамандары өз елінде республиканың көрікті жерлері мен сұлулығын кеңінен насихаттайды. Бұл бағытта бірлескен жұмыс жүріп жатыр. Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысына 350 мыңнан астам туристер келген.

Ардақ Мәдиев, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы:

- Біз 15 адамға дейінгі шағын топтармен бірнеше сегменттерді, турөнімдерді, соның ішінде эксклюзивті туризмді ұсынуға дайынбыз. Әрине, топтық туризм бар, ол 50 адамға дейін, стандартты топтық пакет. Аспан асты елінде кеңінен қолданылады. Сондықтан туризмді дамытатын қытай компаниялары тарапынан инвестиция тарту туралы сөз болады. Оның ішінде, туристік инфрақұрылымға баса назар аударылды.