Коронавирусқа қарсы түрлі вакцина салдыруға бола ма?

COVID-19-ға қарсы әр түрлі өндірушіден шыққан вакцинаны салдырмаған жөн. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері адамдарға осындай кеңес береді.  Ол мұны «қауіпті үрдіс» екенін атады, өйткені екі түрлі екпенің денсаулыққа әсері туралы мәліметтер әлі аз жиналған. Шипа іздегендерге 3-дозаның да пайдасы шамалы болуы мүмкін. «Себебі қосымша вакцинаны қолданудың ағзаға тиімділігі жайында әзірге ешбір дәйекті дерек жоқ», – дейді ұйым өкілі.

Сумья Сваминатан , ДДСҰ бас ғылыми қызметкері:

- Бұл аздап қауіпті үрдіс. Бізде араластыру мен сәйкестікке қатысты мәліметтер мен дәлелдер жоқ. Адамдар екінші, үшінші және төртінші дозаны қашан алатынын өзі шеше бастаса, елдерде абыр-сабыр басталады.