Қазақстан ауруханалары робот-хирургтар технологиясын енгізеді

Қазақстан ауруханалары робот-хирургтар технологиясын енгізеді

Қазақстан ауруханалары келесі жылдан бастап робот-хирургтарды қолданысқа енгізе алады. Медицина саласындағы ноу-хау аса күрделі оталарға қолданылады. Бұл туралы Астанада өткен «Заманауи хирургиядағы жоғары технологиялар» атты халықаралық форумда айтылды. Мамандардың айтуынша, робот-хирургтар бірнеше сағатқа созылатын операция уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл технология диагностика мен ем шарада дәлдігімен танымал. Айта кетсек, бұған дейін елімізде робот-хирургтың көмегімен жамбас пен тізеге ота жасалған. Таяу жылдары мұндай ем-шара аса ауыр жағдайдағы науқастардың бәріне көрсетіледі, дейді хирургтар.  

Мыңжылқы Бердіқожаев, ҚР ПІБ Медицина орталығының хирургия ісі бойынша директордың орынбасары:

- Бұл технологиялар келісім шарт бойынша елімізге тегін кірген болатын. Біздің дәрігерлер онымен таныссын, қолданып көрсін деп. Келесі жылдан бастап, әрбір аурухана сол роботты сатып алып, пациенттерді емдеуге қолдауына болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?