Қазақстанда карантин талаптары жеңілдеуі мүмкін – ҚР ДСМ

Екі күннен бері Қазақстанда коронавирустың таралу көрсеткіші азайып келеді. Кейінгі 24 сағатта қатерлі індет 700 астам адамнан анықталды. Бұл үрдіс жалғаса берсе келесі аптада елде карантин талаптары жеңілдетілуі мүмкін деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ комитетінің ресми өкілі:

- Эпидемиологиялық ахуал өзгергеннен кейін 7 күн бақыланады. Егер жағдай тұрақты болса онда соған байланысты шешім шығарады. Республика 7 күн бойы жасыл аймақта тұрса мемлекеттік санитарлық дәрігер карантин талаптарын жеңілдету мәселелерін қарастырады. Соған байланысты облыстық санитарлық дәрігерлер де қаулысын өзгертуі керек. Ол аймақтағы эпидемологиялық ахуалға байланысты жеңілдеуі не қатаңдауы мүмкін.

Алайда, қазақстандықтардың дені санитарлық қауіпсіздік шараларды әлі де жалғастыру керек деп санайды. Енді біреулері қатерлі дерт дес беріп, қауіп сейілді деген пікірде. Ал елордалықтардың біршамасы белсенді демалысты сағынып, жолға қамданып жатыр. 

Блиц:

- Егерде жасыл аймақта болсақ онда бұл жағдайдың оңалып келетінін білдіреді.  Мен бұл жаңалыққа қуанып отырмын.Әйткенмен сақтық шараларын барынша ескеру керек.

- Эпидахуал жақсарса жеңілдейді ғой. Қуаныштымын. Мен тәуелсіз суретшімін. Сондықтан менің еркіме бұл жағдай еш әсер етіп жатқан жоқ. 

-  Жексенбі күндері қоғамдық көліктердің мүлдем қатынамайтындығы қиынға соқты. Көптеген дүкендер мен ойын сауық орталықтары белгілі уақытқа дейін жұмыс істейді. Жұмыстан кейін баратын жер қалмады. Бәрі жабық. Кинотеатрлар қызметі тоқтатылды. Көп ұзамай олардың қызметі жанданады деп ойлаймын.

- Карантиннің жеңілдейтіні жақсы болды. Шекаралар ашылып, әлемді саяхаттауға шыға аламыз. Бұл бізге қуаныш пен бақыт сыйлары анық. Сыртқа шықпай Қазақстанда да жақсылап демалуға болады.  

Қатерлі індетке шалдыққандардың саны жалғыз Қазақстанда ғана емес әлем бойынша осымен 6-шы апта қатарынан төмендеп барады. Бұндай жағымды жаңалықтармен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бөлісті. Халықаралық ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустың айтуынша, босаңсуға әлі ертерек. «Өкінішке орай әлемнің кейбір аймақтарында қатерлі індет әлі өршіп тұр. Індет салдарынан көз жұмғандардың қатары азаяр емес. Сондықтан бірден карантинді жеңілдетудің арты соқпақты болуы мүмкін. Коронавирустың жаңа штамдары белең алып барады. Сақтық шараларын азайтудың кесірі вакцина алмаған адамдарға тиюі мүмкін», – дейді Гебрейсус.                 

Авторы: Жеіңс Ермұқанов