Қорғаста 10 жаңа теміржол салынады

Қорғаста 10 жаңа теміржол салынады

Қорғас құрғақ портында он сұрыптау жолы мен вагондарды жөндеу жолы салынады. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталады деп жоспарланған. Жоба терминалдың өңдеу қуатын бір жарым есеге арттыруға, жүктерді жеткізуді жеделдетуге және халықаралық сауда рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Қазақстан мен аспан асты елі шекарасындағы құрғақ портта жылына 540 мың 20 футтық контейнер өңделеді. Жаңадан салынатын 10 сұрыптау жолы тасымалдау қарқындылығын 800 мыңға дейін арттыруға септеседі. Естеріңізге сала кетейік, Қорғас – Орталық Азиядағы ең ірі Құрғақ порт. Ол Қытайдан Қазақстанға, Еуропалық Одақ еліне, Парсы шығанағына, Каспий өңіріне жүктерді өңдеу, сақтау және тиеу саласында қызметтердің толық спектрін көрсетеді.