Астанада 30-дан астам жаңа жылдық шырша шамы жағылды

Астанада 30-дан астам жаңа жылдық шырша шамы жағылды

Қазақстан астанасында бір мезгілде 30-дан астам жаңа жылдық шыршаның шамы жағылады. Мерекелік шаралар Астананың алты ауданында өтті. Оған 15 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонағы қатысты. 25 метрлік үлкен шырша «Қазақ елі» монументінің алаңында, сондай-ақ, «Астана Арена» стадионының аумағында орнатылды. Мұнда шырша шамының салтанатты жағылуы ауқымды концерт пен жәрмеңкеге ұласты. Жаңа жылдық мерекенің басты символы 2500 түрлі-түсті ойыншықпен, шамдармен және заманауи жарық элементтерімен безендірілді. Бұдан басқа, барлық орындарда көптеген қысқы ойын-сауықтар ұйымдастырылып, мұз айдыны мен сырғанақта сырғанап, ертегі мүсіндерін тамашалап, естелік суретке түсуге болады. Астана әкімдігінің хабарлауынша, елорданың әрбір тұрғыны мен қонақтары мерекелік атмосфераны тамашалай алады.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?