Қазақстан Президенті жаһандық IT-индустрия көшбасшыларымен кездесті

Қазақстан Президенті жаһандық IT-индустрия көшбасшыларымен кездесті

Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01АI компанияларының бас директоры Ли Кай Фуды қабылдап, еліміздің жасанды интеллект саласында нақты нәтижеге бағдарланған серіктестік құруға ниетті екенін айтты. Бизнесмен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес жұмысына белсенді түрде атсалысып келеді және Мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі. Әңгімелесу барысында Қазақстанда озық білім беру бастамалары мен жобаларды іске асыру, орнықты технологиялық экожүйе қалыптастыру бағыттарының келешегі және бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады.

 

Мемлекет басшысы Dubai World Trade Center атқарушы вице-президенті Трикси Лохмирмандты қабылдап, цифрлық экономиканы және халықаралық технологиялық ынтымақтастықты талқылады. Президент Қазақстанның үш жылда цифрлық мемлекетке айналу мақсатына тоқталды. Алматыда өтіп жатқан Орталық Азиядағы алғашқы GITEX AI форумы осы стратегиялық бағдардың айқын мысалы және еліміздің технологиялық күн тәртібін қалыптастыруға дайын екенін көрсетеді. Форумды Орталық Азияда жыл сайын ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстанда басқа да ауқымды іс-шаралар өткізу мүмкіндігі қарастырылды.

¤

Араб компаниясы Presight AI «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасына қызығушылық танытты. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Томас Прамотедхам айтты.  Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның осыған дейін Астанада жүзеге асырған жобасы оң нәтиже көрсетіп, халықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс сапасын жақсартуға септігін тигізгенін жеткізді. Аталған шешімді Алматы қаласына енгізу қарастырылды. Кездесу соңында Президент екіжақты ықпалдастықты дамытуға үлес қосқаны үшін Томас Прамотедхамды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?