Бүгін «Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми
сапармен келген Конго Республикасының Президентін салтанатты қарсы алу
рәсімі өтті. Қасым-Жомарт
Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды. Салтанатты рәсімнен кейін
Мемлекеттер басшылары шағын және кеңейтілгшен құрамда келіссөздер жүргізді.