Командалар Astana Hub-та жаңа стартаптар ұсынды

Командалар Astana Hub-та жаңа стартаптар ұсынды

Ауыл шаруашылығына арналған мобильді сервистерден бастап жасанды интеллектті қолдана отырып қабылданған шешімдерге дейін. Жаңа әзірлемелер Astana Hub халықаралық технопаркінде Startup Garage инкубациялық бағдарламасының үшінші ағымы аясында таныстырылды. Мысалы, жаңадан бастаған стартаперлер өздерінің агросекторға арналған жүйесін танытты. Ол фермерлерге алқапқа судың жеткізілуін тікелей телефоннан бақылауға мүмкіндік береді. Бұл үшін құрылғыларды деректерді нақты уақыт режимінде беретін жабдыққа қосады, ал жасанды интеллект шығынды талдайды және ресурстарды біркелкі бөліп, шығынды азайту шешімдерін ұсынады.

Берік Орынтаев, Су үнемдейтін технологиялар саласындағы стартап жасаушы:

– Әрине, бірінші кезекте қымбат технологияларды алуға мүмкіндігі жоқ ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен аграршыларға бағдарланған. Біз мұны мемлекеттік қолдау шаралары аясында енгізудеміз. Мұндай технологияларды енгізу кезінде мемлекет 80% субсидия ұсынады. Алғашқы кезеңде ол тегін болады. Жоба негізінен оңтүстік өңірлерге, Алматы облысына, Таразға бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы Startup Garage аясында 366 өтінім келіп түсті. Оның 204-і іріктеліп алынды. Қорыта келе, 79 жоба инкубацияны табысты аяқтап, сатылым өсімін көрсетіп, халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік алды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?