Көлік-логистикалық сектордың Қазақстан ЖІӨ үлесі 2026 жылда 9% жетеді

Көлік-логистикалық сектордың Қазақстан ЖІӨ үлесі 2026 жылда 9% жетеді

2026 жылға дейін Қазақстан Жалпы Ішкі Өніміндегі көлік саласының үлесін  9% дейін жеткізу жоспарлануда. Бұндай тапсырманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Көлік министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 13 халықаралық көлік дәлізі бар. Оның 5-уі теміржол болса, 8-зі автомобиль жолдары. 11 мың шақырым жолда күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Оны келесі жылы аяқтау жоспарналуда. 2023 жылы 900 шақырым жол пайдалануға берілгенін атап өткен жөн. Жалпы Қазақстан өзінің көлік торабы ретіндегі рөлін арттыруды көздеп отыр. Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту ол үшін Каспий теңізінің жағалауында порт инфрақұрылымын жасау аса маңызды. Күні кеше ел Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкімет жиынында теңізде паром салуды 2024 жылдан бастауды тапсырды. Үкімет басшысы, сондай-ақ, стратегиялық стратегиялық кірме жолдарының мәселелерін пысықтауды, Көлік және логистиканы дамыту институтын құру мәселесін қарастыруды, инфрақұрылымдық автомобиль жолдары және теміржол жобаларына және т.б. қажет жерлерді резервте ұстауды қамтамасыз етуді тапсырды.