Қазақстандық IT-компаниялар 300 мың доллардан астам инвестиция тартты. 94 отандық кәсіпорын жалпы құны 875 мың доллар болатын келісімшарттар мен келісімдер жасасқан. Бұл ең алдымен Astana Hub-тың арнайы «Scalerator» бағдарламасының арқасында мүмкін болды. Мамандардың айтуынша, бұл жобаның жүзеге асуы қатысушыларға жаңа нарықтарға шығуға және басқа елдерде өз жұмысын реттеуге көмектесті. Соның аясында 8 апта бойы стартапшылар әлеуетті бәсекелестерді зерттеп, шетелдік сауда алаңдарына шығу үшін маркетингтік стратегия дайындады. Қарапайым тілмен айтқанда, қатысушылар үздік мамандардан бизнес-серіктестер іздеуде кәсіби көмек алды. Нәтиже көп күттірген жоқ.
Меруерт Тлеубергенова, Astana Hub-тың бизнес-бағдарламалар кеңсесінің менеджері:
- Сандар бойынша айтар болсақ, барлығы 234 өтінім келіп түсті. Нәтижесінде 94, яғни Солтүстік Америка мен Еуропаға 30, таяу шет елдерге 30 және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне 34 IT-компания шығарылды. Осы 94 компанияның 40-қа жуық келісімшарты бар. 2025 жылғы жоспарда IT-қызметтердің экспортын 500 млн долларға жеткізу межесі тұр.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов