Қазақстан ТХКБ бойынша мұнай тасымалын ұлғайтуды жоспарлап отыр

Қазақстан ТХКБ бойынша мұнай тасымалын ұлғайтуды жоспарлап отыр

Осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

Еске сала кетейік, елімізде биыл 90,5 млн тонна «қара» алтын өндіру жоспарланып отыр. Оның 71 млн тоннасын экспортқа шығару көзделген. Бұл ретте ОПЕК+ мұнай өндіру квотасын қайта қараудан бас тартты. Елдер тек 2022 жылдың 5 қазанында қабылданған шешімді ұстануды жалғастыратын болды. Осыған байланысты картель қарашадан бастап мұнай өндірудің жалпы көлемін тәулігіне 2 млн баррельге дейін қысқарту туралы қорытындыға келді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?