Туризмді дамыту: Қазақстанда шетелдіктерге арналған казино ашу жоспарланып отыр

Туризмді дамыту: Қазақстанда шетелдіктерге арналған казино ашу жоспарланып отыр

Қазақстанда шетелдіктер үшін казино құру жоспарлануда. Туризм және спорт министрлігінде атап өткендей, оларды орналастыруға арналған орындар әлі анықталады. Дегенмен, басымдық Алматы, Маңғыстау мен Жетісу облыстырына беріледі. Қазақстанда бұл өңірлер туристерді ең көп тартатын аймақтардың қатарында. Қазір ведомство әлеуетті инвесторлар ретінде қытайлық, еуропалық және ресейлік компаниялар қарастырылуда. Инвесторларды ынталандыру үшін ойын үстелдері мен автоматтар үшін төлемді төмендету, сондай-ақ шетелден келетін азаматтардың ұтыстардан табыс салығын төлеуден босату ұсынылады. Сарапшылардың айтуынша, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, казино мен ойын аймақтары туризмді дамытуға, әсіресе елеулі сомаларды жұмсауға және ел экономикасына инвестиция салуға дайын шетелдік саяхатшыларды тартуға ықпал етеді.

Әділет Тұрғанбаев, Ойын бизнесі және лотореяны реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

- Туризмді дамыту шаралары аясында біз мұндай мүмкіндікті тек шетелдіктер үшін ғана қарастырамыз. Яғни, Қазақстан азаматтарына онда кіруге тыйым салынады.  Егер де бұл талапты елемеген казинолар табылса, қатаң шара қолданылып, бірден лицензиясынан айрылады.  Бұл іске отандық инвесторлар да тартылады. Себебі шетелдік компаниялар тәуекелдерді бөлісу үшін қандай да бір жергілікті серіктес болғанын қалайды. Мұндай норма әзірленді, қазір біз оны мемлекеттік органдармен талқылап жатырмыз. Егер қолдау тапса, біз оны парламентке енгіземіз.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?