Қазақстан мен Венгрия мұнай жеткізуге қатысты келіссөздер жүргізуде

Қазақстан мен Венгрия мұнай жеткізуге қатысты келіссөздер жүргізуде

Қазақстан Мажарстанға мұнай жеткізуге сақадай сай. Ол үшін «Достық» мұнай құбырының мүмкіндіктері кәдеге жаратылмақ. Бұл туралы Венгрияның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийярто мәлім етті. Еліміздің Энергетика министрлігі отандық қара алтынды тасымалдаудың техникалық мүмкіндіктері мен коммерциялық келісімдер талқыланып жатқанын растады. Өнімді жеткізу мерзімі мен оның нақты шарттары тиісті құжаттарға қол қойылғаннан кейін белгілі болады. Сондай-ақ, мажарлық компаниялар елімізде жаңа кен орындарын игеруге инвестиция құюға мүдделік танытып отрыр. Бұл ретте, былтыр осы қазақстандық шикізаттың 68 млн тоннадан астамы шетелге  экспорттағанын айта кеткен жөн.  


Петер Сийярто, Венгрияның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі:

- Біздің MOL мұнай-газ компаниясы Қазақстанның энергетика саласына тұрақты түрде инвестиция салып келеді. Бұған дейін компания «Рожков» кен орнына 200 млн доллар қаржы құйды. Нәтижесінде 300 млн текше метрден астам газ және 200 мың тонна конденсат өндірілді. Қазір онда 5 ұңғыма жұмыс істеп тұр. MOL компаниясы бұл бағыттағы қызметін жалғастыруға ниетті. Сонымен қатар, қазіргі таңда «Березовское» кен орнында Қытай-Қазақстан-Венгрияның бірлескен жобасын жүзеге асыру мәселесі қарастырылуда.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?