Қазақстан Еуразиядағы ең ауқымды цифрлық хабқа айналу және барлық салада жасанды интеллекті енгізуде жетекші ел ретінде танылу мақсатын қойып отыр. Сонымен қатар, еліміз бес жылдан кейін толықтай цифрландырылған мемлекет бола алады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана Халықаралық форумында айтты. Айта кетейік, цифрлық транформация саласындағы еліміздің тәжірибесіне тереңірек үңіліп, осы салада іскерлік байланыс орнату үшін Астанаға бірқатар шет мемлекеттерден делегаттар келді. Олардың арасында өткен жылы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі мен өзара ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойған Конго елінен келген қонақтар да бар. Тараптар киберқауіпсіздік саласына заманауи цифрлық шешімдерді енгізу, ғарыштық зерттеу жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру саласында Қазақстанның тәжірибесімен бөлісетін ортақ жобаларды жүзеге асыруда.
Emery Wilson Bokatola, қоғамдық ұйым, Конго Республикасы:
- Бұл біз үшін үлкен тәжірибе, өйткені өткен жылы да
келгенбіз, еліміз үшін қажетті мәселенің шешімін табамыз деп үіттенеміз.
Қазақстанның киберқауіпсіздік, жасанды интеллект, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
саласында жетістіктері өте көп, біздің сапарымыздың басты себебі осы. Біз, Қазақстанда Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ-мен және ғарыш саласындағы
жобалар бойынша Ұлттық ғарыш орталығымен байланыс орнаттық. Осында келгенімізге
қуаныштымыз және Қазақстан үкіметімен бірге тағы қандай жобаларды қолға алуға
болатынын бағдарлаймыз.

