Экологиялық кодекс «Жасыл қаржыландыруды» дамытады

Жасыл қаржыландыру – жаңа экологиялық кодекстің басым бағыттарының бірі. Ел билігі қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетуге және жалпы елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға көмектесетін жобаларды дамытуға ниетті. Астана халықаралық қаржы орталығында табиғаттың пайдасы үшін жұмыс істейтін жобаларды жүзеге асыратындарды қандай жаңалықтар күтетіні туралы айтып берді. Ондағы мамандар өз ұсыныстарын жаңа заңға ұсынды.

Мысалы, қазір онда «жасыл қаржыландыру», «жасыл облигациялар», «жасыл несиелер» сынды ұғымдар пайда болды. Бұдан басқа, енді «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жасыл облигацияларға арналған купондық мөлшерлемені және жасыл несиелерге арналған пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тетігі жұмыс істей бастайды. Кәсіпкерлер 50 пайызға дейін несиелер мен облигациялар бойынша мөлшерлемелерді субсидиялайды, деді АХҚО-ның маманы Айгүл Құсалиева. Ол мемлекет биылдан бастап жасыл жобаларға айрықша қолдау көрсететінін атап өтті.

АЙГҮЛ ҚҰСАЛИЕВА, АХҚО ЖАСЫЛ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СТРАТЕГИЯ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазіргі уақытта АХҚО-ның Әкімшілігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңға тәуелді актілерді әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. Олар «Бизнестің жол картасы-2025» жобасы бойынша ережелерді және субсидиялауды қамтиды.

Бағдарламаның өзі «Бизнестің жол картасы-2025» жобасы шеңберінде іске асыруды көздейді, тиісінше алдағы 5 жылда бірінші кезекте, дамудың жалпы портфелінің шамамен 5 проценті жасыл болады, яғни 5 процент жасыл жобаларға бағытталатын болады. Аталған үлес алдағы уақытта өсіп, 7-9 процентке дейін жетеді деген үміттеміз.

Механизм барынша тиімді жұмыс істеуі үшін АХҚО-ның жасыл қаржы орталығында жасыл жобалардың жіктеуіші – таксономияны әзірледі. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл экологиялық таза жобалардың дәрежесін түсінуге қойылатын талаптардың тізімі. Барлық критерийлерге сай келетіндер бизнес-идеяларды іске асыруға субсидиялар алады. Осы ретте жоба іске асуы үшін несиелерді екінші деңгейлі банктер беретінін атап өткен жөн. Жаңа жобалар шілденің біренен бастап жұмыс істейді.