Мұхтар Әуезовтің әйгілі қырғыз эпосы «Манас» туралы монографиясы жаңадан басылып шығарылды. Алғашқы нұсқасы 1934 жылы жарық көрген еңбегін автор бірнеше мәрте редакциялап, еселеп өңдеуден өткізгені белгілі. Қырғыздың батырлық эпосы «Манас» кітабы әуезовтанушылар мен зерттеушілерге көмекші құрал болары сөзсіз. Сонымен қатар Алматыда Халықаралық Түркі академиясы өткізген «Ұлылар үндестігі» конференциясында «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» жинағы таныстырылды. Оған ұлт ұстазының замандастары мен қазіргі зерттеушілердің таңдаулы мақалалары кірген.
Дархан Қыдырәлі, Халықаралық Түркі академиясының президенті:
- ЮНЕСКО-да Ахмет Байтұрсынұлының жылы жарияланғаны белгілі. Халықаралық Түркі академиясы көптеген қалада, елде халықаралық ұйымдармен бірлесіп шаралар өткіземіз. Оның алғашқысын Алматыда бастап отырмыз. Кезінде Ахмет Байтұрсынұлының 50 жылдық мерейтойында 25 жасар Мұхтар Әуезов бас баяндаманы жасаған екен. Біз де Ахаңның 150 жылдығы мен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығын қатар атап өтеміз. Жыл бойы мұндай шаралар легі жалғаса береді.