Елдегі бүлікке қатысы бар деген күдікпен 10 мыңға жуық адам ұсталды. ІІМ жедел штабы таратқан ақпаратқа сәйкес, қазір 9 900 адам құқық қорғау органдарына жеткізілген. Ал Алматыда 1 237 адам ішкі істер органдарына жеткізілді. Барлығы 31 суық қару, 1 428 дана оқ-дәрі тәркіленген. Бұған қоса, блокбекеттерде 38 адам ұсталды. Ал Тараз қаласындағы жедел іс-шаралар кезінде полиция қызметкерлері «Макаров» тапаншасын, оқшантайлар, бронды киім мен «ТОЗ 35» пневматикалық тапаншасын тәркіледі.