Қазақстанда «Umai-2023»
Ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды . Дәстүрлі байқау
жеңімпаздары 4 негізгі бағыт бойынша іріктеледі. Үздіктер «Театр өнері», «Музыкалық-орындаушылық
өнер», «Хореография өнері», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» легінде
анықталады. Биыл аталым саны 29 дейін ұлғайтылды. Жалпы жүлде қоры 79 млн
теңгені құрамақ.
2021 жылдың қыркүйегінен 2023-тің шілдесіне дейін театр немесе концерт маусымының жұмысына қатысты ұжымдар мен жекелегег орындаушылар бас сыйлықттан дәмелі бола алады. Ал суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлері 2021 жылдан ерте жасалмаған жұмыстарын ұсыну арқылы бақтары мен баптарын сынай алады. Өтінімдерді 5 желтоқсанға дейін қабылданады.