Еліміздегі ипотекалық несиенің 70% бір банк береді. Бүгінде еліміздегі нарықтық несиелердің негізгі үлесі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі шеңберіндегі займдарға тиесілі. Мәселен, Ранкинг.kz порталы сарапшыларының есебінше, Отбасы банкінің 10 несиесінің 9-ы осы бағытта рәсімделеді. Биылғы жылдың алғашқы 5 айында қазақстандықтарға баспана алу үшін 559 млрд теңгенің ипотекалық несиесі берілген. Оның 70%-тен астамы Отбасы банкі арқылы рәсімделген. Аталған қаржы институты оның 65%-ін құрылыс жинақ жүйесі бойынша жүзеге асырған. Жалпы былтыр Қазақстанда осы секторда берілген несиелер көлемі 2 трлн теңгеге жуықтады. Ал ипотекалық несиелердің жалпы портфелі биыл мамырға дейін ұлттық валютада 4,8 трлн-ға жетті.