Қазақстанда ҰБТ-2024 тапсыру ережелеріне өзгерістер енгізілді

Қазақстанда ҰБТ-2024 тапсыру ережелеріне өзгерістер енгізілді

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу форматында өзгерістер енгізіледі. Жоғары білімді оңтайлы, әрі қолжетімді етудің жаңа ережелері әзріленді. Бұл жайында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Telegram парақшасында мәлімдеді. Осылайша, 2024 жылы тест тапсырмалары сұрақтарының саны өзгереді. «Оқу сауаты» мен «Математикалық сауат» міндетті пәндерінен тапсырма саны 5 сұраққа қысқарады. Алайда, бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұратын болады. Сонымен қатар тестілеу уақыты 30 минутқа қысқарады. Тағы бір жаңалық. Енді шығармашылық бағытты таңдаған талапкер «Математикалық сауаттылықты» міндетті пән ретінде тапсырады. Келесі жылы да абитуриенттер биылғыдай ҰБТ-ны бес рет тапсыра алады.