Жетісу өңірінде жел электр станциясы салынады

Жетісу өңірінде кезекті жел электр станциясының құрылысы жоспарланған. Қуаты 1гВт энергия өндіруге қауқарлы нысан 2025 жылы іске қосылмақ. Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында осындай келісім жасалды. Мамандардың пікірінше, жобаны жүзеге асыру еліміздің «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасында көзделген мақсаттарға қол жеткізу мен қосымша инвестициялар тартуға және баламалы қуат көзі өндірісін ұлғайтуға септеседі.