9 мыңнан астам қазақстандық Таяу Шығыс елдерінде жүр

9 мыңнан астам қазақстандық Таяу Шығыс елдерінде жүр

Таяу Шығыс елдерінде 9 мыңнан астам қазақстандық жүр. Республиканың Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, біздің азаматтарымыздың басым көпшілігі Біріккен Араб Әмірліктерінде, онда 4 мыңнан астам адам бар. Сыртқы саясат ведомствосының ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, шеттегі отандастар арасында туристер де, осы елдерде тұрақты тұратын біздің азаматтарымыз да бар. Қаза тапқан немесе зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ. Республиканың дипломатиялық миссиялары тәулік бойы жұмыс істейді. Азаматтарымызды елге қауіпсіз қайтару мәселесі мемлекеттің басым мақсаты ретінде айқындалды. Сонымен қатар, Ерлан Жетібаев Қазақстан өзге мемлекет тұрғындарын да эвакуациялауға дайын екенін мәлімдеді.


Ерлан Жетібаев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Бүгінгі таңда мұндай өтініштер түскен жоқ, бірақ өтініштер бола қалса, және тиісті мүмкіндігіміз сайма сай болған жағдайда біз көрші, бауырлас мемлекеттерге көмек көрсетуге дайынбыз деген ойдамын. Қазіргі таңда біз бірінші кезекте өз азаматтарымызды шығарумен айналысып жатырмыз. Барлық ресурстар осыған жұмылдырылған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?