Ақтау портында Каспий түбін тереңдету жұмыстары басталды.
Бұл терминалдық қуатты одан әрі ұлғайтуға жағдай жасайды. Сондай-ақ, кемелердің
қозғалыс қауіпсіздігін арттырады. Каспий түбін бір жарым-екі метрге дейін
тереңдету жоспарланған. Жұмыстар осы жылдың соңында аяқталуы тиіс. Көлік
министрлігінің мәліметінше, Каспийді тереңдету Транскаспий халықаралық көлік
бағытын дамыту жөніндегі кешенді шараларға кіреді және жүк тасымалының артып
келе жатқан көлемін қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетейік, қазір
қазақстандық Ақтау порты арқылы жылына 15 млн тоннаға жуық жүк өтеді.
Транскаспий дәлізі бойынша контейнерлік тасымалдың көлемі 2025 жылдың алғашқы
үш айында 3,5 есе өсті.

