Қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорындарының жыл басынан бері 186
жарым миллион теңгеге жуық шығындары өтелді. Операцияларды қаңтар-шілде
айларында Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы жүргізді. Атап айтқанда
ұлттық валютада бөлінген қаражаттың 184 млн-ы кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға
бағытталған шығындарының бір бөлігін өтеуге
берілді. Ал, қалған ақша, яғни 2 жарым млн теңге отандық тауарларды ішкі нарықта
ілгерілетуге бағытталған. Жалпы 2023 жылдың алты айында орталыққа 236 өтінім келіп түсті. Шығындарына
өтем алуға негізінен Астана, Шымкент, Алматы және Ақмола облыстарының
кәсіпкерлері ниет білдірген. Салалық бөліністе олардың басым көпшілігі машина
жасау, тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарынан түскен.
Арстанбек Сағиев, «Qazindustry» қазақстандық индустрия және
экспорт орталығы» АҚ бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы:
QazIndustry шығындарды өтеуге, еңбек өнімділігін арттыруға
және ішкі нарықта тауарлар мен қызметтерді ынталандыруға бағытталған. Сондықтан
біз бизнес қауымдастығын, дайын өнім шығаратын кәсіпорындарды QazIndustry
ұсынатын және онлайн режимінде қолданатын ынталандыру құралдарын пайдалануға
шақырамыз. Сонымен қатар шығындарды өтеуге қатысты сұрақтар туындап жатса, кеңес
алуға болады.