Қазақстандықтар қандай қаржы құралдарын таңдайды?

Қазақстандықтар қандай қаржы құралдарын таңдайды?

Қазақстандықтар түрлі қаржы құралдарын жиі инвестициялайтын болған. Бұл ретте ең кең көп тарағаны – депозиттер, деп хабарлайды «Ranking.kz» порталы. Ағымдағы жылдың тамыз айында еліміздің екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалар салымдарының сомасы 32% жуық өскен. Бұл – соңғы 5 жылдағы ең жоғары өсім көрсеткіші. Сонымен бірге былтырдан бері қазақстандықтардың құнды қағаздар нарығына қызығушылығы артқаны байқалады. Отандық қор нарығында жеке инвесторлардың саны күрт өскен. «Азаматтар негізінен өз жинақтарын инфляциядан қорғап қана қоймай, оны көбейткісі келеді», – дейді сала мамандары. 2020 жылдың соңында жеке инвесторлардың саны 130 мыңнан асса, биылғы шілдеде 177 мыңға жуық жеке инвесторлық есепшот тіркелген. Бұл Қазақстанның экономикалық белсенді тұрғындарының 2% құрайды.

Айта кетейік, жеке инвесторлар үшін аса тартымды әрі ыңғайлы қаржы құралдарының тағы бірі инвестициялық пай қорлары болып отыр.

Авторы: Данагүл Біләлова