Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка Президенті мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Құттықтау жеделхатында Мемлекет басшысы Шри-Ланканың орнықты даму және халықаралық беделін нығайту жолында айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті. Сондай-ақ, Президент Қазақстан аталған елмен қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге баса мән беретінін, тараптар арасындағы дәстүрлі достық пен берік ынтымақтастық болашақта да халықтарымыздың игілігі үшін дами түсетініне кәміл сенетінін жеткізді.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?