Өткен жылы Астананың өнеркәсіп
өндірісінің көлемі 2,5 трлн теңгегден асты. Бұл бағыттағы өсім 10% артық.
Сонымен қатар, елорда экономикасына 2 трлн теңге тартылған. Бұл рекордтық
көрсеткіш. Осы ретте индустриялық парктің маңызы айрықша. Бүгінде аталған
өндірістік аймақта 140-қа жуық кәсіпорын табысты жұмыс істеп келеді. Еске сала
кетейік, ел Президенті өз Жолдауында экономиканың қозғаушы күштеріне айналған
негізгі салаларды жетілдіру қажеттігіне жіті тоқталған болатын. Бұл қатарда инвестициялар,
өнеркәсіп пен кәсіпкерлік бар. Отандық және халықаралық нарықтарда бәсекеге
қабілетті терең қайта өңдеу өнімдерін өндіруге басымдық берілуде.
Нұржан Әшімов, Астана қаласының
инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бөлімінің басшысы:
- Бізде екі фронт-кеңсе жұмыс
істейді. Олар өтінімнен бастап пайдалануға берілгенге дейін әрбір инвесторды,
оның ішінде өндіріске қаржы құйған инвесторларды сүйемелдейді. Бұл біздің бас
қаламыздағы инвестицияларды дамыту орталығы, яғни Астананы дамыту орталығы. Өткен
жылы әкімдік жанынан шаһар жетекшісінің төрағалығымен өңірлік инвестициялық
штаб құрылды. Ондағы мақсат инвесторлардың
мәселелерін қарау.
Бәсекеге қабілетті отандық кәсіпорындар
импортты ығыстырып, орнын басып жатыр. Бұның жарқын мысалдарының бірі -
алюминий профильдер мен фиброцемент панельдер өндірісі. Аталған материалдар
тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салу кезінде қолданылады. Олар толығымен отандық
шикізаттан өндіріледі, бұл шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.
Мақсат Сәдуақасов, Өнеркәсіптік
кәсіпорынның бас директоры:
- Біз де импорттық материалдардың тәуелділігінен тоықтай арылдық. Яғни, Семейде фиброцемент зауыты ашылды және олардың өнімін біз өз зауытымызда өңдейміз.

