Қазақстан мен Қырғызстан АӨК саласындағы ынтымақтастықты кеңейтпек

Қазақстан Қырғызстанмен Агро өнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтпек. Қос ел мал және өсімдік шаруашылығында серіктестігін нығайтуға мүдделі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, әсіресе мал шаруашылығында неғұрлым тығыз экономикалық кооперацияны жолға қою, Агро-өнеркәсіптік кешен өнімдерін өндіру мен өңдеуді бірлесіп дамыту, генетикалық материал алмасуда және тұқым саудасын дамытудың маңызы зор. Сондай-ақ, ветеринария және фитосанитария саласында бірлескен кешенді жоспарлар бар. Тараптар агроөнімнің өзара сауда көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Қазақстан ауыл шаруашылығы жануарларын әкетуге шектеулерді алып тастағаннан кейін, Ауыл шаруашылығы министрлігі асыл тұқымды малды, сондай-ақ асыл тұқымды материалды Қырғызстанға жеткізу мүмкіндігін пысықтауға дайын. Айта кетейік, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 2022 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 9%-ға өсіп, 159 млн. Теңгеден асты.