Қазақстанда құрастырылған көліктердің экспорты бірден 45%-ке өсті. Бұл тек жыл басынан бері тіркелген көрсеткіш. Мамандардың есебінше, бірінші тоқсанда алыс және жақын шетелдерге екі мың жеңіл автокөлік экспортталған. Құны 213 млрд теңгені құрайтын 22 мыңнан астам көлік өндірілді. Қазақстан автобизнес қауымдастығы сарапшыларының болжамы бойынша, өндіріс көлемін арттыру үрдісі жалғаса бермек. Сату көлемін арттырудың негізгі алғышарттарына: өндіріс көлемін ұлғайту мен жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасына жаңа транштар бөлу жатады.