Қазақстанның банк
секторы тұрақты дамып келеді. Бүгінде елімізде екінші деңгейдегі 21 банк жұмыс
істейді. Оның ішінде шетелдің қатысуымен 11 банк, мемлекеттің 100% қатысуымен 2
банк бар. Бұл туралы Астанада өткен брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту
агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлімдеді. Ол биылғы жылдың 10
айының қорытындысы бойынша қаржы мекемелерінің активтері 8,6% ұлғайып, 48,4
трлн теңгені құрағаны атап өтті. Ал, банк жүйесіндегі клиенттердің салымдары шамамен
5% өсіп, ұлттық валютада 33 трлн асып жығылды. Сондай-ақ, спикер шағын және
орта кәсіпкерлік субъектілерінің өсуімен елімізде бизнеске берілген несиелер
саны да артқанын атап өтті. Көрсеткіш 15% артты. Нәтижесінде бизнесті кредиттеу
көлемі 15% ұлғайып, 10 трлн теңгені құрады.
Олжас Қизатов ҚР Қаржы
нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:
- Салалар бойынша
экономикаға кредит берудің едәуір үлесі өнеркәсіпке – 11,5% және саудаға 10,2% тиесілі.
Жыл басынан бері салалар бойынша кредиттер құрылымы айтарлықтай өзгермеген. Бұл
ретте жыл басымен салыстырғанда көлік және сауда салалары бойынша тиісінше 24%
және 16%-ға кредит берудің өсуі байқалады.