Қ.Тоқаев АҚШ конгресінің өкілдер палатасының мүшесін қабылдады

Қ.Тоқаев АҚШ конгресінің өкілдер палатасының мүшесін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының мүшесі Кэрол Миллерді қабылдады. Қазақстан Президенті өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядролық қаруды таратпау, сондай-ақ, сауда-экономикалық, инвестициялық ықпалдастықтағы бірлескен табыстарды атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты түрде өсіп, 4 млрд доллардан асқан. Әңгімелесу барысында энергетикалық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, цифрлық технологиялар дамытуға, сондай-ақ, мемлекеттер арасындағы көлік-логистика байланыстарын кеңейтуге айрықша мән берілді. Өз кезегінде Кэрол Миллер сый-құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, АҚШ-тың нәтижелі диалогты жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?